Психология қызметіндегі екі кейіптілік формасының экран өнерінде көрінуі.

ЕРЖАН ЖУМАБЕКОВ.

Қай уақытта болмасын, өнер туындылары әрбір ұлттың өзіндік құндылығын айқындайтын, даму жолына бағыттайтын құрал ретінде саналды.

Өркениеттер алмасуы, жаңа қөзқарастың қалыптасуы, осы өнер туындылары арқылы жүзеге асып жатты. Сонымен қатар, экран өнері өзінің пайда болу тарихынан бастап, басты көтерер тақырыптары қоғамдағы психологиялық жағдаймен тығыз байланысты. Алғашқы кинотуындылар көпшілік көңіл күйді берер болса, уақыт өте бұл құбылыс жеке кейіпкер психологиясына үңіле түсті.

Психолог мамандардың пайымдауынша, екі кейіптілік мәселесі соңғы уақытта белең алып келе жатқан құбылыстардың бірі. Ең әуелі психикалық ауру ретінде қарастырылған «екі кейіптілік», өмір сүру ырғағындағы ақпараттық және эмоциональды жүктемелердің  мөлшерімен, бұл күнде қалыпты көрініске айналып отыр.

Әлемдік тәжірибеде. 1931 жылғы «Доктор Джекилл және Мистер Хай» фильміндегі кейіпкер бірде көңілдес, бірде мүлде әйел кейіпіне енеді. 1957 жылы психиатр Корбет Тигпен және Херви Клеклидің зерттеулері негізінде түсірілген «Три лица Евы» (реж. Нан Нелли Джонсон) фильмі жарық көрді. Фильм шынайы оқиғаны арқау ете отырып, экрандық өнерде алғаш рет көрерменге психологияның танымсыз формасы «екі кейіптілік» жәйлі мағлұмат береді. Басты әйел-кейіпкер бойында үш образ жинақталған еді. Өнегелі үй шаруасындағы әйел Ева Вайт, сексуалды Ева Блэк, интелектуалды және салмақты Джейн. Осы сарындағы «Дневная красавица» (1967. реж.Луис Бунюэль) фильмінде Катрин Денев сомдағанбайсалды дәрігердің әйелі, күндіз беделді бордельде жұмыс жасап, кешкісін жеңіл жүрісті әйел кейіпіне енеді.

Екі және де көптеген кейіпке ену мәселесі әдебиетпен кинематографияда кеңінен таралған кейіпкер жағдайы. Ішкі сезім барысының бүкілі дерлік санасыздықтың мәнісі және саналылық ішкі әрекеттің жекеленіп көрінуі болып табылады. Ф. Аквинский, Шеллинг, Фихте сынды философтар адам санасының алғашқы қозғаушысы санасыздық деп есептеді. Осы қағидаға австриялық психиатр З. Фрейдттің психоанализ теориясы негізделді. З.Фрейд санасыздық теориясы бойынша, бұл психологиялық құбылысты балалық шақтағы психикалық зақымға алып келетін қатынас нәтижесінің бірі ретінде қарастырады. Психология ғылымының маманы К. Обуховскийдің бақылауына жүгінсек, оның айтуынша, анасы ұлыныңқыздармен қарым-қатынасына алаңдамауы үшін, оны әр түрлі әдіс-тәсілдермен қорғап,болашағы үшін игілікті іс жасап отырғанына сенімді болады. Шын мәнісінде баласының қөңілі өзгеге ауып кеткен жағдайда, рухани жалғыздық пен өмір мағынасыздығына ұшыраудан қорқып,анасы өзімшілдік әрекетке барады.1960жылы жарық көргенрежиссер А. Хичкоктің «Психоз» фильмін, осы тұрғыда қарастыруға тұрарлық. Фильмде ер адам кейіпкерінің ғашықтық сезімі пайда бола бастағанда, сонымен бірге екінші «Мен» — оның анасы оянады. Анасының тірі кезіндегі балаға деген қысымы, қорқынышы, анасы өлген соңда бала бойында сақталып, өзі жәйлі мәлімет беріп отырады.

Адам бойындағы «Мен» тұлғалары ұзақ уақыт бойы саналы «Мен» астарында жасырын, жұмыссыздық әрекетінде болып, өзі жәйлі сездірмеуі мүмкін.Күйзеліс, жүйке зақымы жағдайларының жиналуынан, күтпеген жерден көрініс табады. Сонымен қатар, әр кезең мен елдің салт жораларын ұстанушылар мұндай жағдайды өзге дене жанының  қоныстануы деп санап,  «жын қуу» сынды ритуаләдістерін жүзеге асырып жатты. Егер, «жын-шайтан», «алдамшы рух» кетуді қаламаса өлім шарасына дейін баратын.

Қазақ фильмдерінде көрінуі. Қазақ киносының пайда болуы мен тәуелсіздікке дейінгі даму кезеңі, тікелей Кеңестік саяси-идеологиялық жүйесімен байланыста болды. Яғни, фильмдер орталық киноөндірістің ізденістері мен жетістіктері арқылы пайда болған жанр құрылымдарына сүйеніп жасалынды. Кеңестік үкімет фильмдері батыстық танымға қарағанда, таңдалған тақырыптың нақтылығы, оқиғаның шынайлылығымен ерекшеленген болатын.

Тоталитарлы режимдегі уақыт пен қоғам екі кейіпті болғанымен, қазақ киносындағы кейіпкер психологиясы қызметінің танымсыз формаларының көрінуі, әсіресе, «жылымық» кезеңімен жарық көрген фильмдер бойынан байқалды. 1963 жылы жарық көрген «Менің атым Қожа» (реж. А. Қарсақбаев) фильмі өзіндік айтар ойының еркіндігімен ерекшеленді. Фильмде жасөспірім Қожа бойында екі кейіптіліктің бала кездегі белгілері көрсетіледі. Фильм соғыс жылдарынан кейінгі қоғамды бейнелеп, сол уақытқа сай отағасыз отбасын көрсетіп еді. Және де Қожа осындай отбасы мүшесі. Әкесінің естеліктерімен байланысты эпизодтарда Қожа мейірман,ниеті түзу, қөңілі таза кейіпкер. Бұл адамдық қасиет«үй болган соң ер азамат керек ғой» депжүрген Қаратаймен байланысты эпизодтарда кері мағынаны иеленеді.

Жеке тұлғаның «Мен» концепциясы бойынша саналы және бейсаналылықтың ішкі диалог салдарынан, қалыпты немесе қалыптан ауыт қушылықтың нәтижесі орнайды. Қалыптан ауытқужағдайында ішкі екі «Мен» қақтығысып, бір саналы түйсік астарында тоғысуы мүмкін болмай қалады. Мәселен, Қожа пионер, бірақ сотқар. Өзгеруге тырысады, әйтсе де қисыны келмейді.

Мәдениет тарихының баяндалуы адамзаттың айнадан көргені және болашағы айнадан көреріжәйлі болмақ. Ең алғашқы саналы сезімнің пайда болуын В. И. Лебедев, баланың айна алдында өзін тану қабілеттілігімен байланыстырады. Айна алдында өзіне-өзі сүйсіну қасиеті көп жағдайда жастық кезде байқалып, қосарланған бейнесі сана дамуында маңызды рөл атқарады. ХХ ғасырдың басында психолог Ч. Х. Кули «айналы Мен» теориясын тұжырымдады. Теорияға сай адамның өзі жәйлі түсінігі «айналы Мен» тұжырымынан туып, кейін келе қоғамдық пікір әсерінен туындайтын «Менді» алмастырады.

А. Қарсақбаевтың кейіпкері Қожа бойынан «айналы Мен» құбылысын, фильмнің бастапқы кадрларынан байқауға болады. Айна алдындағы Қожаның болмысы ішкі диалог мәнерінде көрініп, көрерменге бағыштап, өз есімі жәйлі пайымдаулар жасайды. Алғашқы қақтығыс азан шақыры қойған есімі «Қожа» мен мазақ атауы «Көже» арасында өрбіп, эпизодтардың бірінде айна алдында толықтай жалғасын табады. Осы ретте тәртіпті Қожа, бұзақы Қожаны саналық әрекетке шақырады.

Қазақ киносында «Менің атым Қожа» фильмі алғашқылардың бірі болып түс, арман, қиялға ерік береді.  Және де ойлары, түстері, армандары өзге әлем кеңістігінде жүреді. Өлім, космос т.б.. Басты кейіпкердің жан дүниесіндегі диалогтардың өз аралық қақтығысы арқылы,оның қоғамға деген көзқарасы айқындала түседі. «Өртеніп кет! Иеңмен бірге өртеніп кет!» -бұл Қожаның жансыз мотоциклмен  сөйлесуі еді.

Ал, 80-ші жылдар тұсындағы қазақ киносындағы кейіпкер психологиясы толығымен күрделі өзгерістерге ұшырайды. Бірегей саяси жүйенің қысымы Кеңестік мемлекеттер аумағында ыдырай түсіп, кинодағы идеология әлсірей бастады. Бұл кезеңдегі қазақ киносы авторлық жанр мен образдардың пайда болуымен ерекшеленді. Жаңа көзқараспен келген режиссерлар өз фильмдерінде, қоғамдық мәселелер әсерінен туған кейіпкердің ішкі дағдарысыналдынғы планға шығарды.

Арнайы режиссерлық оқу орнын оқып келген Р. Нұғманов, Д. Өмирбаев, С. Апрымов, А. Қарақұлов сынды режиссерлар 90-жылдары кинотуындылармен өзгеше көрініс әкелді. Аталмыш режиссерлардың фильмдерінде өмір шындығы мен экран заңдылықтары алмаса отырып, шынайылылық пен шарттылық, қоғам мен адам қақтығысын көрсетті. Өтпелі кезеңдегі кейіпкер бойында ішкі рухани жалғыздық, құлдырау, уақытпен пайда болған жаңа мәселелердің жиынтығы болды. Орын алған қақтығыстар нәтижесінде кейіпкер психологиясы «адасу» немесе «шарасыздық» кейіпінде көрінді.

Бұл кезең киносындағы екі кейіптілік формасы,өзінің бастапқы жолдары мен жеңіл түрлерінеие болды. Белгілерінің психикалық ауру түрлерінен едәуір айырмашылығы бар. Бұл жағдайда адам өзін біртұтас тұлға ретінде сезінгенімен, бір мінезге  бірікпейтін әрекет жасауы, шешім шығаруы мүмкін. Бір объекті немесе оқиға жәйлі әрдайым пікірі өзгеріп, әртүрлі уақытта әрқалай қабылдайды. Көп жағдайда екі кейіптілікке ену, адамның алкогль, есірткінің жиі қолданысы кезінде байқалады.

Кейіпкердің есірткі қолданысынан соң, саналы естен шыққан жағдайы,  отандық «Адасқандар» (реж. А. Сатаев) фильмінде сипатталады.Жол бойында адасқан кейіпкердің (А. Мерзликин) әйелімен баласы жұмбақ себептермен жоғалып кетеді. Басты оқиға желісі кейіпкердің саналы мен санасыздық жағдайының күресі. Фильм соңында әйелі мен баласы кейіпкердіңессіз күйіндегі жағдайдың құрбаны болғаны белгілі болады.

Жеке тұлғалылық динамикалық түсінік. Ол жасқа, өмір қақтығысына, ішкі шиеленіске, тағы басқа айрықша жағдайларғабайланысты өзгеріске ұшырап отырады.  Бүгінгі батыстық киноәлемінде психология қызметінің танымсыз формаларын, дәлірек айытқанда «сана ойынын»  арқау еткен оқиға негіздері, тоқтаусыз жаңа төңкерістер жасау барысында. Және дебұл құбылыстың қазақ фильмдерде көрініс табуын кездейсоқ сәйкестік ретінде қарастырмай, отандық кино туындыларының жаңа даму деңгейі тұрғысынан зерттеуге тұрарлық мәселе.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. В. И Лебедев. «Раздвоение личности и бессознательное (о неосознаемых формах психической деятельности)». – Москва, 2002.
  2. Б. Р. Нөгербек, Г. К. Наурызбекова, Н. Р. Мұқышева. «Қазақ киносының тарихы». – Алматы, 2005.

Vosmerka

Сайт о кино.

3 комментария

  1. Онердеги «раздвоение личности» такырыбы жаксы зерттелмеген теория, асиресе казак киносында. Оте назик такырып. Бирак «зеркальный Я», ол да кызык жаналык екен, ари тын. Ен бастысы статьяда тагы да жуйелилик пен катар карапайымдылык жетиспей турган сиякты. Автор ары карай аша туссе жаксы болар еди)))

  2. Психология кино вещь интересная, но материал-то однобокий вышел. Хочется разбирать фильмы с позиций психоанализа — стоит рассмотреть их воплощение наверное. Да, характеры проанализированы, но как это передано в фильме: актерсокой пластикой, мимикой, движениями и ракурсами камеры? Как? Взялись за лопату, уважаемый, так копайте глубже.

  3. Это больше обзор по психологии, нежели по кину. С кинематографический точки не рассказано. Как актеры передают эти психологические состояния, какие манеры, какие ходы использует режиссер. Чисто психологическая статья.
    И не особо понятно, что хотели донести. Многосложность характеров и психологических состояний? Для этого надо было и другие фильмы брать.
    Но так суть ясна, что не стоит делать однобоких героев в кино — это да, я соглашусь.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *