«ҚАРЛЫҒАШ — 2016»

ЕРЖАН ЖУМАБЕКОВ.

2016 жылдың 28 мамыр – 3 маусым аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және Қазақстан кинематографистер одағының қолдауымен  «Қарлығаш» Республикалық анимациялық кино фестивалі аталып өтті.

Фестиваль Қазақ анимациясының негізін қалаушы Қазақ ССР еңбек сіңірген өнер қайраткері Әмен Абжанұлы Хайдаровты еске алуға арналған. 1967 жылы Әмен Хайдаровтың қазақ экранына алғаш шыққан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты мультфильмнің құрметіне фестиваль «Қарлығаш» деп аталды.

Кинофестиваль аясындағы конкурстық фильмдер көрсетілімінен тыс, «Заманауи қазақ анимациялық киносы» тақырыбында қазақ режиссерлары мен суретшілерінің көрмесі, шеберлік сағаттары, ретроспективалық бағдарламалар бойынша фильмдер көрсетілді.Фестивальдің конкурстық бағдарламасында соңғы бес жыл көлеміндегі фильмдер Астана, Алматы, Шымкент қаласынан ұсынылды.

Перед Белоруссия мемлекеттік

Белоруссия мемлекеттік өнер академиясының доценті, режиссер-аниматор Тумеля М.Б. төрағалық еткен қазылар алқасы конкурстағы фильмдерді келесі номинация бойынша бағалады:

  1. Басты жүлде — «Мақтаншақ қыз», реж. Р. Усманов,

Ю. Тхай,  К.Кониркульжаев, Өндіруші: «Қазақфильм», «ТОО Animator PRO» қатысуымен.

Қысқаша мазмұны:Халық ертегісінің желісі бойынша түсірілген аталмыш фильмге анасының тәрбиесіне көнбейтін «мақтаншақ қыздың» басынан кешірген хикаялары өзек болған. Бір қарағанда сырт көзге олақ көрініп, ылғи да анасын ұятқа қалдыра беретін қыз болып көрінгенімен «мақтаншақ қыз» шын мәнінде өз бақыты үшін күресе алатын қайсар жан. Оған дәлел — алдындағы барлық кедергі, тосқауылдарды өзініңтапқылығымен жеңе біліп, ел билеген ханға тұрмысқа шығуы… 

  1. Балаларға арналған үздік анимациялық фильм — «Темір және Айдаһар» реж. РамильУсманов, Юлия Тхай, Өндіруші: «Қазақфильм», «ТОО Animator PRO» қатысуымен.

Қысқаша мазмұны: Тимур деген бір балақай айдалада бір балбал тасқа кез болады. Кенет жан біткен балбал тас Тиурды беймәлім әлемге бастай жөнеледі. Сөйтіп олар алып айдаһарға кез болады. Балбал батыр мен айдаһардың айқасы достыққа ұласады. Бұған әрине, Тимурдің сіңірген еңбегі зор. Фильм – жас жеткіншектерді тату болуға үндейді.

  1. Балалар жасаған үздік анимациялық фильм — «Ворон» реж. Нурмагамбетова Юлия, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі.

Қысқаша мазмұны: Фильмнің кейіпкері – қыз баласы өз жолында қарғаны кездестіреді. Ол — адам бейнесіне айналатын ғажайып күшке ие.

  1. Үздікстуденттік фильм — «Көксерек» реж. Сандыбай Мейіржан, Қазақ ұлттық өнер университеті.

Қысқаша мазмұны:Фильм оқиғасы табиғатына жат жерге тұтқын  болған қасқыр жайында. Қасен атты аңшы ауылға жыртқыш қасқырдың бөлтірігін алып келеді. Кейін оны кішкентай Құрмашқа тапсырады. Жас бала оған «Көксерек» деп ат қойып, бала мен кішкентай бөлтірік бір-біріне тез бауыр басады.

  1. Қазылар алқасының арнайы жүлдесі — «Оттан жаралғандар» Адай Абельдинов. Өндіруші:«Қазақфильм», ТОО «ASTANA FILM» қатысуымен.

Қысқаша мазмұны: Фильм –Абылайханның атақты Көкбалақатты тұлпары туралы. Біздің заманымызға Абылайдың замандасы Байжігіт күйшінің «Көкбалақ» деген күйі жеткен. Ертедегі қазақтар жабайы жылқы – тарпаңдарды аулап қолға үйреткен. Мұндай тұлпарлар батырлардың жауға тастамас адал серігі болған. Күй-аңыз – Абылайдың Көкбалағы осындай тұлпар болған деп күмбірлейді.

Перед Фестивальға ұсынылған

Фестивальға ұсынылған фильмдердің нәтижесінде бүгінгі анимациялық фильмдердің даму қарқыны, бағыт-бағдары, көркемдік деңгейін аңғаруға болады. Анимациялық фильмдерді жасау барысында «Қазақфильм» киностудиясымен қатар жеке студияларда ат салысуда. Кәсіби мамандар байқауындағы фильмдер өзінің ұлттық ерекшеліктерімен, студенттік фильмдер ізденістерімен, балалар жасаған фильмдер шынайлығымен көрінді. Қазіргі қазақ анимациялық фильмдері, «Қарлығаш» символы болған фестиваль, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» фильмі сынды әлемдік деңгейде көрінеді деп ойлаймыз.

 

Vosmerka

Сайт о кино.

1 комментарий

  1. Ну, хоть кто-то! Спасибо 8-ка! А то уж начало казаться, что прессе плевать на фестиваль. Впрочем, чему я удивляюсь, это же анимация?..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *