Кинорежиссер Нариман Төребаевтың шығармашылығы

Ержан ЖҰМАБЕКОВ

Нариман Төребаев бүгінгі қазақ кино өнеріндеелге есімі танымал режиссерлардың бірі.

Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында арнайы режиссура мамандығын меңгерген Нариман Төребаевтың (Ардақ Әмірқұлов шеберханасы) алғашқы жарық көрген «Романтика» (2000), «Антиромантика» (2001) кыскаметражды көркем фильмдері өзіне кино қауымының назарын аударды. «Антиромантика» фильмі «Смотри по-новому» кинофестивалінде қазылар алқасының жоғары бағасын иеленді. Осылайша, режиссер алғашқы студенттік фильмдерінде-ақ өзіне тән шешімдерімен ерекшеленіп, көтерген мәселесі сол уақыттың бейнесінберіп отырды. 90 жылдар тұсында қоғамдағы өтпелі кезең нәтижесімен келген өзіндік бағыттағы «жаңа толқын» фильмдерінің тақырыптық жалғасы, мазмұндық әсері Нариман Төребаевтың фильмдерінде көркемдік ерекшелігін тапты. Бұл кезеңдегі режиссураға деген жаңа авторлық көзқарас Нариман Төребаевтың фильмдерінде айқын көрінген еді.

в начало

«Антиромантика» фильмінде, жас жігіттің жеңіл жүрісті қызбен қарым- қатынасқа түскен бір күндік кезеңін, жатақханадағы бір бөлме аумағында өрбітеді. Материалдық жағдайының жетіспеушілігіне қарамастан, олөзінің табиғи сезім қажеттілігін жеңіл жүрісті қыздан іздейді. Жеңіл жүрісті қыздың өз жұмысын орындауға келгенде, «мүмкін тамақтанып алармыз» деген сөзінен бастау алатын диалогтар, фильмді өз деңгейінде қабыл алуға мүмкіндік береді. Яғни, фильмдеріндегі әр бір әрекеттің, саналы түрде ақтау позициясы бар.

Нариман Төребаев өзін сценарист ретінде де танытып, өз фильмдерімен қатар, режиссер Ардақ Әмірқұловтың «1997» фильмінде драматургиялық қатарды өз мойнына алды. Бұл фильмде де жаңа замандағы, жастар мәселесі қозғалады.

Көп ұзамай режиссер «Кішкентай адамдар» (2003) атты толықметражды фильмі арқылы осы идея кеңістігін кеңейте түсті. Фильмде көптеген мүмкіндіктерге қолы жетпес, кішкентай адам образы пайда болды және де бұл образды, камераның жоғарыдан алынған нүктесі арқылы күшейтіп көрсетті. Осындай түсірілімдік жолдар арқылы үлкен мегаполистегі екі кейіпкер мәселесі ұлттық мәселе деңгейіне көтеріледі. Желі маркентингімен айналысатын кейіпкерлер өздерін өркениет жемісі ретінде қарастырады. Уақыт кеңістігінде тоғысқан сан алуан өркениеттің қатынасы өз кезегінде бас кейіпкерлерді әурелеңге салады.

в середину

Режиссердың 2011 жылы жарық көрген «Шуақты күндер» фильмі заманауи кино үдерісінде ерекшеленген фильмдердің бірі болды. Отандық VII Халықаралық «Евразия» кинофестивалінде фильм «үздік режиссура» жүлдесін иеленді. Қазақ кино өнері қоғамдық мәлеседен алшақ кетіп, заманауи көрермен талаптарына сай формаға енген сәтте мәңгілік тақырып — жеке адамның ішкі трагедиясы бұл фильмде қайта бас көтерді. «Шуақты күндер» атты жарқын тақырыбына қарамастан фильм оқиғасы қөңіл көтеріңкі мақсатта емес болатын.

Режиссердың 2014 жылғы «Приключение» атты фильмі Х — шы «Евразия» Халықаралық кинофестивальінде ФИПРЕССИ және НЕТПАК казылар алқасының арнайы жүлдесімен марапатталынды. Фильмнің бас кейіпкері Марат мекеме күзетшісі болып жұмыс атқарады. Кейіпкердің бірқалыпты өміріне ойламаған жерден жас қыз келіп шытырман оқиғаға айналдырады. Фильм Ф. М. Достоевскийдің «Ақ түндер» повесінің желісі бойынша түсіргенімен, режиссер өзіндік көзқарасына қарай икемдеп түсірілгені белгілі.

Нариман Төребаевтің фильмдеріндегі өмір шындығы мен экран заңдылықтары бірегей формада үйлесім тапқанымен, кейіпкер болмысымен қоғам көрінісі қақтығысып отырды. Шығармашылық жолындағы туындыларының барлығында орталық кейіпкер ер адам бейнесі болды. «Антиромантика», «Кішкентай адамдар»фильміндеріндегі кейіпкер бейнесі, жаңа ортаға бейімсіз, өмір көшіне ілесе алмай келе жатқан кейіпкерлер қатарынан көрінсе, «Шуақты күндер» кейіпкері әлсіз, әрекетсіз, рухани және материалды дағдарысқа ұшыраған еді. Ал соңғы фильміндегі заманауи кейіпкер бейнесінің құбылмалы шешімдері арқылы, режиссер шығармашылығына тән жалғыздық тақырыбын шыңдай түсті. Аталып отырған фильмдердің барлығында ортақ бір қасиет бар. Ол іс-әрекеттері қоғамдық өзгерістердің нәтижесі ретінде берілетін бас кейіпкердің экрандық сипаты. Әртүрлі себептердің әсерінен фильмдердеріндегі кейіпкерлердің психологиясы өзгеріске ұшыраған және осы жағдайдан шығудың жолдарын әрқайсысы өз мүмкіндігінше іздейді.

в  концовку

Нариман Төребаев бірқатар Халықаралық кинофестивальдерге қатысып, қазылар алқасының, киносыншылардың назарына ілінді. Үздік деп танылған бұл фильмдеріндегіізденістері арқылы режиссербүгінгі қазақ киносында өзіндік көзқарасын қалыптастыру жолында.

 

Vosmerka

Сайт о кино.

1 комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.